Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтауда Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының бастығы жұмысынан босатылды

Сыбайлас жемқорлық, Ақтау, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының бастығы , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2023 22:14 Сурет: Zakon.kz
Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының бұрынғы директоры комиссияның шешімі бойынша жұмысынан босатылды. Басшыға қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының бұрынғы басшысына қатысты іс материалдары прокуратураға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолданды, деп жазады "Лада".

"Білім басқармасының бастамасымен арнайы комиссия құрылып, тергеу жүргізілді. Осы комиссияның қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының бұрынғы директоры қызметінен босатылды. Материалдар одан әрі тексеру мақсатында прокуратураға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолданды", - деп хабарлады Маңғыстау облысының білім басқармасы.

Тергеуге не түрткі екені ашып айтылмайды. 

Маңғыстау облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының ұжымы облыстық білім басқармасына өз басшылығы үстінен жазған анонимді шағымдарын редакцияға жолдады.

Арыз иелері басшының орталыққа өзінің жақын туған-туыстары мен бұрынғы әріптестерін жұмысқа орналастырғанын айтады. Олардың көбісі жұмыста мүлде төбе көрсетпеген. Ұжымның айтуынша, бұдан басқа да көптеген бұзушылықтар бар.

"Ол өзінің жақын туыстарын - әпкесі мен ұлын, сондай-ақ жұмыста төбе көрсетпейтін бұрынғы әріптестерін жұмысқа орналастырған, яғни "өлі жандар", олар айлық алады. Былайша айтқанда, бұл мемлекеттік бюджетке қол сұғу. Аталған істі Ақтау қаласының прокуратурасы анықтап, қылмыстық іс қозғады", делінген хатта.

Айта кетсек, 2023 жылдың мамыр айында ҚТЖ қызметкері 82 млн теңгені қалтасына басып алғаны белгілі болды. Әйел адам қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсаған. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: