Жаңалықтар тізбегі
0

Үшаралда ойын автоматтарымен заңсыз бизнес ашқан әйел ұсталды

24tv.ua, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2020 15:09 24tv.ua
Күдікке ілінген тұлғаның Талдықорған қаласының 39 жастағы тұрғыны екені анықталды.

Үшарал қаласында жедел ақпаратты тексеру барысында полицейлер дүкендердің бірінен қызметіне тыйым салынған ойын автоматтарын анықтады, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабының 1-тармағына сәйкес яғни, "Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру" дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", - деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Тергеу барысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікке ілінген тұлғаның Талдықорған қаласының 39 жастағы тұрғыны екені анықталды. Күдіктіден үш ойын автоматы тәркіленді.

Айып тағылған азаматшаның бұған дейін де осыған ұқсас заңға қайшы әрекет еткені үшін жауапкершілікке тартылы белгілі болды. Бұған дейін күдікті букмекерлік кеңсені заңсыз ашқан, дегенмен қылмыстық іс сот шешімімен қысқартылған.

Күдікті азаматша мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: