Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда 700-ден астам жер телімі заңдастырылды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.02.2020 19:21 zakon.kz
Ең көп үй Алатау ауданында заңдастырылды. Оған 979 меншік иесі өтініш білдірді.

Бүгін Алматыда қала әкімінің халық алдындағы есеп беру кездесуі өтуде. Halyk Arena көпсалалы кешеніне 3,2 мыңнан астам адам жиналды, деп хабарлайды zakon.kz.

Мегаполис тұрғындары жер учаскелері мен жеке тұрғын үйлерді заңдастыру мәселесін көтерді.

"Бүгінде 700-ден астам жер телімі заңдастырылды", — деді әкім.

Қалған 200 учаскі су қорғау аймағында немесе қызыл сызықта орналасқан. Осыған байланысты Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша әкімдік мүдделі мемлекеттік органдармен қажетті заңнамалық өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізуде.

Сонымен қатар, қалада 2192 жеке тұрғын үй заңдастырылды. Ең көп үй Алатау ауданында заңдастырылды. Оған 979 меншік иесі өтініш білдірді.

Мәселені шешу үшін қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы кейбір ықшамаудандардағы қызыл сызықтарға түзету жүргізді. Бұл олардың үй құрылысын заңдастыруға мүмкіндік берді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: