Қазақстанда күн күрт жылынады

bnews.kz bnews.kz
Ауа-температурасы климаттық нормадан 4 ... 12 ° C жоғары болады.

"Қазгидромет" РМК 25-27 ақпанға арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Алдағы күндері Сібір антициклонының беті қайтып, жауын-шашын тоқтап, күн шайдай ашылады. Алайда Қазақстанның көптеген аймақтарында таңертең және түнде болып жүрген тұман сейілмейді.

Жауын-шашын қазірдің өзінде республиканың батыс аймақтарына ауысуда. Бұл өңірде көктайғақ болады деп күтіледі. Бұл – елімізге жылжып келген кезекті Атлантикалық циклон, соған байланысты ауа-райы күрт жылынып, қардың соңы жаңбырға ұласады. Осы сипаттағы ауа легі батыстан шығысқа қарай жылжып, Қазақстанның қалған бөлігінде де жауын-шашын мен көктайғақ күтілетін болады. Алдағы үш тәулікте ауа-температурасы климаттық нормадан 4 ... 12 ° C жоғары болады, делінген хабарламада.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз