Жаңалықтар тізбегі
0

Димаш коронавирусқа қатысты өз пікірін білдірді

иллюстрация үшін алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2020 16:41 иллюстрация үшін алынды
Беларусь басылымына берген бұл сұқбатында Димаш соңғы 4 жылда әлі бір рет дұрыстап демалмағанын да айтыпты.

Үнемі гастрольде жүретін Димаш Құдайберген коронавирус шыққалы өз басын қатерге тігуге мәжбүр, бірақ оны жұқтырмау үшін барлық сақтық шараларын сақтайтынын айтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Димаш COVID-19 вирусының таралуына байланысты өз алаңдаушылығын білдірді. Ол мұны адамзатқа төнген қатер деп санайтынын, сондықтан оны елемеуге болмайтынын айтты.

Димаштың жүрегінде Қытай ерекше орын алады, өйткені оның әлемдік карьерасы осы елден бастау алған. Әнші өз фанаттарының қазіргі кешіп жатқан күйіне алаңдаушылығын жасырмайды және Аспан асты елі тұрғындарын вирустан тезірек құтылуын шын жүректен тілейді.

"Әрине, ауырып қалмас үшін қолымнан келгеннің барлығын жасаймын. Үнемі маскамен жүремін. Қытай тыңдармандарыма мықты денсаулық, мына індеттің тез арада аяқталып, басылуын тілеймін. Олар үшін шын жүректен алаңдаулымын. Қытайлық жанкүйерлер менің орындауымдағы музыканы қатты ұнатады, сол себепті мен әлемнің қай түкпіріне бармаймын, артымнан еріп жүреді, менің концерттерімді жібермеуге тырысады. Біз үлкен жанұя сияқтымыз және бұл өте жақсы нәрсе", - деді Димаш "Союзное Вече" басылымына берген сұқбатында.

Беларусь басылымына берген бұл сұқбатында Димаш соңғы 4 жылда әлі бір рет дұрыстап демалмағанын да айтыпты.

"Соңғы төрт жыл ішінде демалған жоқпын. Екі апта қатарынан түк бітірмей жататын сәттер болған емес. Осы турнеден кейін демалыс алатын шығармын. Жігіттермен бір жерге тартым кетсек пе екен. Мүмкін туған Ақтөбе қаласына ма? Дөнер сатып алып жейтін едік. Студияның жанында оны өте дәмді дайындайтын орын бар. Түнгі қаламен серуендеп, самал жел есіп тұрса. Арқа-жарқа болып достарыммен сөйлессем. Тек мен шағымданып отыр екен деп ойлап қалмаңыз. Жоқ, шаршағаным жоқ. Мен өмірді шығармашылықсыз елестете алмаймын. Тіпті, қатты шаршады дегенде бір күннен кейін тез есімді жинап аламын, сөйтіп көрермендеріме өзімді тағы бір жаңа қырымнан таныту үшін дайындыққа кірісіп кетемін", - дейді ол.

Айта кетсек, бүгіндері Димаш Құдайберген Еуропаға тур бойынша концерт беруді бастап кеткен. Оның алғашқы концерті Красноярск қаласынан басталып еді, одан кейін ол Қазан қаласында жалғасты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: