Димаш Құдайберген су тасқынына қатысты өз алаңдаушылығын білдірді
Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Дүние жүзіне танымал әнші Димаш Құдайберген су тасқынынан зардап шеккен ағайындарға баршаны қол ұшын беруге шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазды.
"Наурыздың соңғы күндері күн күрт жылынып, Ақтөбе облысы аймағында және еліміздің тағы бірқатар өңірлерінде тез еріген қар суы қарқынды түрде сай-саланы толтырып, автокөлік жолдарын шайып, бірнеше елдімекендерді су басыпты. Көптеген отбасының баспанасы тұруға жарамсыз болып қалған. Сондай-ақ Ақтөбе аймағында өзендердегі мұз еріп, су қоймаларындағы су деңгейінің көтеріліп, өзендердің арнасынан асу қаупі жоғары екен". Димаш Құдайберген
Ол мұның себеп-салдарын құзырлы мекемелер анықтап, мәселенің түйінін шешу жолдарын іздестіретініне сенімді.
"Мемлекет тарапынан үйлерін су шайып кетіп, далада қалған ағайынға толыққанды көмек көрсетілетініне сенім мол. Тап қазіргі сәтте қиналғанға қол ұшын созу - ең басты парыз. "От пен су - тілсіз жау" - қысылтаяң сәтте бауырларымызға қол ұшын созып, бірлігімізді көрсетейік, ағайын", делінген әнші жазбасында.
Айта кетсек, еліміздің төрт өңірінде су тасқыны қаупі әлі сақталып отыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript