Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР наиб мүфтиі қажылықтың уақытша тоқтатылуына қатысты түсінік берді

muftyat.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.02.2020 21:34 muftyat.kz
Сауд Арабиясына арналған визаның екі түрі бар. Біріншісі, умра жасау үшін арнайы жасалған, яғни қажылар үшін. Міне, осы визаны Сауд Арабиясы барлық елдер үшін күшін жойды.

Бұрын хабарлағанымыздай, коронавирусқа байланысты Сауд Арабиясы кіші қажылықты тоқтатып, Мединадағы Пайғамбар мешітіне кіремін деушілерге тосқауыл қоятын шешім қабылдады. Бұл шара біздің елімізге де әсер етті. Zakon.kz редакциясына бұл жағдайға қатысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұлама кеңесінің хатшысы наиб мүфти Ершат Оңғаров түсінік берді.

"Шынында да, Сауд Арабиясы Корольдігінің Сыртқы істер министрлігі Twitter-де хабарлағандай, осы елге кіші қажылыққа баруды, Пайғамбар мешітіне тәу етуді мақсат еткендерді әмірлікке кіргізбей жатыр", - дейді Ершат Оңғаров.

- Бұл шараның Қазақстанға да қатысты бар, дегенмен біздің елде коронавирус ауруы тіркелген жоқ. Бізге түсіндіріп өткендей, бұл, біріншіден, коронавирус індетінің алдын алу үшін қабылданған уақытша шара. Екіншіден, кіші қажылық мақсатында елге келушілерге салынған тыйым тек коронавирус жұқтыру оқиғалары анықталған елдерге ғана қатысты емес, сондай-ақ, жоғарыда атап өткенімдей, ауру анықталмаған елдер үшін де белгіленген.

Өздеріңіз білесіздер, коронавирустың таралуы күшейіп келеді, бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та айтқан. ҚМДБ мәліметінше, осыған байланысты Сауд Арабиясы Корольдігі умра маусымын ұйымдастыруға бірқатар өзгерістер енгізді.

"Сауд Арабиясына арналған визаның екі түрі бар", - деп атап өтті Ершат Оңғаров.

- Біріншісі, умра жасау үшін арнайы жасалған, яғни қажылар үшін. Міне, осы визаны Сауд Арабиясы барлық елдер үшін күшін жойды. Бұл тыйым қажылық жасаушыларға тікелей қатысты, өйткені бұл умра үшін арнайы берілген визалар. Бірақ, қайталаймын, бұл - уақытша шара. Екінші виза - туристерге арналған электронды туристік виза. Биыл бұл виза дамыған 49 мемлекетке, оның ішінде Қазақстанға да берілді. Міне, осы 49 елдің ішінде 22 еліне, оның ішінде Қазақстаннан да келетін туристерге тыйым салынды. Бұл - Қытай, Иран, Италия, Корея, Жапония, Тайланд, Малайзия, Индонезия, Пәкістан, Ауғанстан, Ирак, Филиппин, Сингапур, Үндістан, Ливан, Сирия, Йемен, Әзірбайжан, Қазақстан, Өзбекстан, Сомали, Вьетнам. Электронды туристік виза Мекке мен Мединеге бірнеше рет бару мүмкіндігімен ерекшеленеді, сондай-ақ Сауд Арабиясына сапар шегу үшін бір жылға беріледі. Біздің болжамымыз бойынша, Қазақстан бұл тізімге енген, мүмкін Қытайға жақын орналасқандығымыздан осындай шешім қабылдаған шығар.

ҚДМБ Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігінің жауапты органдары екі ел арасындағы тығыз достық қарым-қатынасты нығайту үшін үлкен жұмыс атқарып жатқандығын баса айтады.

Торғын Нұрсейітова

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: