Жаңалықтар тізбегі
0

Білім министрі көкшетаулық ұстаздың атышулы мәлімдемесіне қатысты жауап берді

Bnews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2019 16:14 Bnews.kz
Осыған орай, Мемлекет басшысы барлық ұсыныстарды жұмыс барысында пайдалану үшін оларды мұқият зерделеуге тапсырма берді. Осы бағыттағы жұмысымызды жалғастырамыз - министр.

Қоғамда үлкен резонанс туғызған көкшетаулық ұстаздың білім берудің жаңартылған бағдарламасы мен ұстаздар мәртебесіне қатысты сыни пікірлері Президентке жетіп, бұған қатысты министр желіде жауап жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Соңғы күндері тарих пәнінің мұғалімі А.К.Ахетованың видео сұхбаты әлеуметтік желіде кеңінен таралып жатыр. Аталған ролик барысында көтерілген мәселелер қоғам тарапынан қызу талқылануда. Дәл қазір бұл материалдың мазмұнына қатысты ешқандай баға бермеймін. Ең бастысы, кез келген мұғалім мен ата-ана өз пікірін ашық білдіруге құқылы екенін түсіну - маңызды, ал біздің міндетіміз - осы ұсыныстар мен ескертулерді назарға алу. Осыған орай, Мемлекет басшысы барлық ұсыныстарды жұмыс барысында пайдалану үшін оларды мұқият зерделеуге тапсырма берді. Осы бағыттағы жұмысымызды жалғастырамыз", - деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында.

Айта кетсек, видеода көшетаулық ұстаздың сұқбаты жарияланған. Онда ол білім берудің жаңартылған бағдарламасы мұғалімдерге қорқыныш, үрей, қорлық әкелгенін, ал балалар жасауы тиіс үй тапсырамысының интернетте қаптап тұрғанын, сондықтан оның түк пайдасы жоғын айтады. "Мұғалімдер жалақысы көтеріліп жатыр" деген сөзді ол кісі белгілі бір деңгейде жоққа шығарады. 38 жылдық еңбек өтілі бар ұстаз өзінің 80 мың теңге жалақы алатынын айтып, өзін мысалға келтіреді. Видеода ол мектеп қабырғасында қағазбастылықтың жойылмағанын, керісінше оның көп есе үдеп кеткенін, базардағы принтер мен қағаз саудасын жүргізіп тұрған қазір мұғалімдер екенін де ашына жеткізеді. Миллиондар ұрланатын елде мұғалімнің оқушыдан бір шоқ гүл алуына тыйым салынғанына ол аң-таң.

Оқи отырыңыз: Ашынған көкшетаулық ұстаз өздеріне қатысты бүкіл шындықты жайып салды

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: