Әл-Фарабиден әл-Машаниге дейін

Ашық дерекөздерден алынды Ашық дерекөздерден алынды
Сәтбаев универститетінде өткен шараға Әл-Фараби орталығының мамандары мен әл-Машани атындағы базалық білім беру институтының қызметкерлері және профессорлар қатысты.

Алматыда ұлылардың ойын дамытып, жолын жалғаған ғұлама ғалым Ақжан әл-Машанидің шығармашылығы сөз болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұлттық Ғылым академиясының іргетасын қалаған ол әл-Фараби туындыларын, адами болмысын келешек ұрпаққа жеткізу жолында аянбай тер төккен тұлға.

"Ағжан Машани ақсақал тұңғыш рет Әл-Фарабиді 1943 жылы Чехослав ғалымы Кольманнан естіген. Өзі геолог болғанымен, Фарабидың ізін қуып, бар өмірін соңына дейін ғалымның еңбегіне арнағанды жақсы көрді", – деді философия ғылымдарының докторы, фарабитанушы Жақыпбек АЛТАЕВ

Сәтбаев универститетінде өткен шараға Әл-Фараби орталығының мамандары мен әл-Машани атындағы базалық білім беру институтының қызметкерлері және профессорлар қатысты. Дөңгелек үстелде әл-Фараби мен әл-Машани туралы келелі әңгімелер қозғалып, алда атқарылуы тиіс жұмыстар да айтылды.

"Ақжан Машанов ғұлама ғалым Әл-Фарабидың атын елімізге қайтарған адам. Ақжан Машановтың еңбектерін қайта жаңғырту, зерттеу, айқындау сол мақсатпен Қазақ ұлттық универститетімен бірге өткізіп отырмыз", – деді Әл-Машани атындағы базалық білім беру институтының кафедра меңгерушісі әлия АҚАТАЕВА.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз