Жаңалықтар тізбегі
0

Мектептерде латын графикасын енгізу бойынша апробацияны бастаймыз - Ерлан Сағадиев

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2018 18:48 zakon.kz
Оны министрлік мамандары мен тіл институтының қызметкерлері атқарады.

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев латын графикасына апробация жасауға қатысты пікір білдірді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз бірнеше мектепті таңдап алдық. Сол жерде латын графикасын енгізу бойынша апробацияны өткіземіз. Оны министрлік мамандары мен тіл институтының қызметкерлері атқарады. Мектеп оқушылары латынша жазып көреді. Мәтінді дауыстап оқиды. Әріптерді тану жағын байқап көреміз. Жалпы, балалардың латынды қалай қабылдайтынын, қандай тәсілдер ыңғайлы, соның бәрін зерттейміз. Негізі, бұның бәрі - күнделікті жұмысымыз», - деді Е.Сағадиев журналистерге берген сұxбатында.

Министрдің айтуынша, Астанада бес мектеп анықталды. Соның негізінде латын графикасын енгізу бойынша апробация жасалады.

«Қазір нақты қай сыныптардың екенін айта алмаймын. Бірақ олардың ішінде 0-ші және 1-ші сыныптар анық бар. Балалар дайын. Оқулықтарымыз бар. Бірнеше нұсқа әзірленді. Апробацияның нақты нәтижесі белгілі болғанда бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялаймыз», - деп атап көрсетті Е.Сағадиев.

Айта кетейік, Астанада өткен Тамыз конференциясы кезінде министр Сағадиев латын графикасы бойынша сабақ беретін мұғалімдерді дайындау жоспары жайында аqтқан.

«Келесі жылдан бастап 0-ші сынып тәрбиешілері мен мұғалімдерді дайындауға кірісеміз. Латынша «Әліппе» және кириллицада «Букварь» базалық оқулықтарын дайындау жұмысы жүріп жатыр. Оқулықтар 2020-2021 оқу жылына дайын болады», - деп атап көрсетті Е.Сағадиев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: