Жаңалықтар тізбегі
0

Сапасыз вакцина үшін соттайтын заң шығару ұсынылды

glavred.info, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2020 23:03 glavred.info
Сондай-ақ, елге импортталатын вакциналардың сапасын тексеретін тиісті комитеттің өкілеттіктерін кеңейту ұсынылды.

Елде вакциналар мәселесі өткір болып тұр. Сол себепті вакциналардың сапасын бақылайтын өкілеттіктерді күшейту, өміріге қауіп төндірілген жағдайлар үшін жазаны күшейтіп, қылмыстық жауапкершілікке дейін тарту туралы ұсыныс жасалмақ. Бұл туралы Денсаулық кодексін талқылау кезінде Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Кодексті талқылау барысында депутат Татьяна Яковлева заң жобасына сәйкес, вакциналардың сапасы, дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы өнімдерге қатысты тексерулер кәсіпкерлік туралы кодекс талаптарына сәйкес жүргізілетінін атап өтті. Депутаттың пікірінше, бұл тәжірибе тосын тексерулерге тосқауыл болып, тексерудің мәні жойылуда.

- Іс жүзінде бақылаушы орган тексеру туралы бір тәулік бұрын ескертуге міндетті, тексеру туралы Бас прокуротураға тіркетуі тиіс. Оның өзі 1 күннен 3 күнге дейін созылуы мүмкін. Ол уақыт ішінде заң бұзушылыққа жол бергендер барлық кемшіліктерін тып-типыл қылып жойып, келген инспекторлар ешқандай дәлел таба алмайды. Мұндай жағдайда тиімді бақылау туралы қалай айта аламыз? - деді депутат.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бүгінде Комитет дәрі-дәрмек айналымы және медициналық көмек сапасы саласында қолданыстағы заңнамаға сәйкес, өзінің бақылау функцияларын екі бағытта – азаматтардың өтініштері бойынша жоспардан тыс тексеру және белгілі бір кәсіпорындағы қауіп-қатер деңгейіне байланысты жоспарлы профилактикалық тексерулер жүргізетінін еске салды.

- Мемлекеттің бақылау функцияларын күшейтуге бағытталған қосымша нормалар қарастырылған. Сондай-ақ, лицензия берілгеннен кейінгі кейінгі бақылау бар. Сонымен қатар, жекелеген салаларда, атап айтқанда, акушерлік көмек саласында арнайы тәртіппен тексеру мүмкіндігі күшейтілді. Жалпы, осындай тексеруді күшейту шаралары қарастырылған, - деді Біртанов.

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов бұл мәселенің қарастырылғанын және Кәсіпкерлік туралы кодексте тексерулер жүргізудің арнайы тәртібі бар екенін түсіндірді.

- Тіркелетін жоспарлы тексерулер үшін субъект 30 күн бұрын ескерту алуы тиіс. Біз оны алып тастаймыз. Жоспардан тыс болса – тексеруден бір күн бұрын ескеріледі. Осы жерде вакциналарды әкелуге, сатып алуға, тасымалдауға, сақтауға қатысы бар субъектілер үшін тексеру туралы ескертуді мүлдем алып тастау ұсынылады. Біз қоғамның алаңдаушылығын түсінеміз. Егер біз вакцинацияны міндетті етсек – онда вакциналардың жоғары сапалы болатынына, сақтау, тасымалдау және пайдалану талаптарына сай болуына кепілдік беруіміз керек, - деді Бас прокурордың орынбасары.

Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызмет сапасы және қауіпсіздігі комитетінің төрайымы Людмила Бюрабековаға қарата айтқан сөзінде Нығматулин вакциналардың сапасын, тасымалын және вакцинаға қатысты барлық мәселелерді қатаң бақылау қажет екенін атап өтті.

Мәселен, оның ақпаратынша, вакцинациядан бас тартқан адамдардың 65%, оның ішінде балалар да елдегі вакциналардың сапасына сеніңкіремейді. Ол сонымен қатар 2003 жылы Қазақстанға вакциналардың Шығыс Еуропадан әкелінгені мен соның салдарынан адамдар зардап шеккенін еске салды.

- Біз күшейттік. Қоғам білсін: депутаттар бірінші бөлімде вакциналарға қатысты тендер өткізуге жауапты органдардың жауапкершілігін күшейту туралы мәселені көтерді. Енді заңға жеке бас жауапкершілігі енгізілді. Екіншіден, егер өмірге қауіп төндірген жағдайда вакциналарды жеткізетін ұйымдар үшін бес жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделеді. Енді вакцина жеткізушілерге заң қатал болады, - деді Нығматулин.

Тағы бір маңызды мәселе, жеткізілген вакциналардың сақталу жағдайын және сапасын тексеруге мүмкіндік беру. Ол депутаттардың талаптарды қатайтып қана қоймай, бақылаушы органдардың өкілеттіктерін кеңейту керек деген мәселені бірнеше рет көтергенін еске салды.

- Біз мекемелерге, олардың қызметкерлеріне қатаң талаптар қоямыз. Вакциналарға келетін болсақ, біз оларға осы мүмкіндікті беруіміз керек. Бір жағынан оларға талап күшейді, егер олар халық денсаулығына зиян келтірсе – бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Вакцинация мәселесі ең өзекті мәселелердің бірі. Егер вакциналардың сапасы жақсарса, халықтың вакциналарға деген сенім артады деп ойлаймын. Сондықтан мен комитеттің өкілеттіктерін күшейту туралы норманы енгізуді ұсынамын, бұл комитет қызметкерлеріне меншік нысанына қарамастан медициналық мекемелер мен вакцина жеткізушілерге тікелей кіріп баруына мүмкіндік береді. Олар тасымалдаудың, сақтаудың және вакциналардың қолданылуын тексеруге құқылы, - деп түйіндеді Нығматулин.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: