Жаңалықтар тізбегі
0

Нығматулин: Мәжіліс Президент Жолдауын іске асыру бойынша заң жобаларын қарайды

Ж.Құспанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2020 18:26 Ж.Құспанов
Сондай-ақ, депутаттар қарауына дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша заң жобасы да ұсынылды.

16 қарашада Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Мәжіліс бірінші оқылымда "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Конституциялық заңға өзгерістер енгізу және Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Қазақстан халқына Жолдауының жекелеген ережелерін іске асыруға қатысты заң жобасын талқыламақ.

Сонымен қатар, Палата бірінші оқылымда туристік қызмет, нормашығармашылықты жетілдіру мәселелері бойынша түзетулер және адвокаттық қызмет пен заң көмегіне қатысты депутаттық заң жобаларын қарайтын болады.

Алдағы жалпы отырыста орталық және жергілікті мемлекеттік органдар арасында ауызсумен жабдықтауды субсидиялау жөніндегі өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша депутаттық заң жобасы бірінші оқылымда қаралады деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, депутаттар қарауына дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша заң жобасы да ұсынылды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2020 18:26

Бюроның күн тәртібінің жобасында Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда бірқатар экологиялық заң жобаларын қарайды. Олар Экологиялық кодекспен оған ілеспе заң жобалары. Екінші оқылымда қаралатындар қатарында қоғамдық кеңестердің қызметі туралы және депутаттар әзірлеген күзет қызметі мәселелері заң жобалары, сондай-ақ, адамдарды Қазақстан шегінен тыс жерге шығарып жіберуге және бюджет заңнамасын жетілдіруге қатысты заң жобалары бар.

Сонымен бірге алдағы жалпы отырыста Палата дипломатиялық қызмет туралы заң жобасын жұмысқа алмақ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: