Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Н.Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің Бюро отырысы өтті

Депутаттарға көші-қон процестерін реттеу мәселелеріне қатысты заң жобасын екінші оқылымда қарау ұсынылады.

Сурет : Ж.Құспанов6 Наурыз 2020, 12:11

Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Депутаттар қарауына Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс жобасы ілеспе түзетулерімен бірінші оқылымда ұсынылды. Кодекс жобасы бірыңғай заңнамалық актіде жария құқықтық қатынастар саласында әкімшілік рәсімдерді жүзеге асырудың және сот ісін жүргізудің құқықтық негіздерін, қағидаттарын, ережелерін белгілейді.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің пікірінше әкімшілік сот төрелігін енгізу азаматтардың үкіметке деген сенімін арттырып, тұтастай алғанда халық үніне құлақ асатын мемлекет қағидаттарын дамытуға ықпал етеді.

Сонымен қатар, Мәжіліс депутаттары мемлекеттік қызмет мәселелеріне қатысты заң жобасын бірінші оқылымда қарамақ. Бұл заң жобасы конкурстық рәсімдерді жетілдіруге, кадрлық мәселелерді шешуде мемлекеттік органдардың жеделдігін арттыруға, ықтимал кадр тапшылығының тәуекелін төмендетуге, мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға және т.б. бағытталған.

Бюро отырысында депутаттар назарына атом энергиясын пайдалану саласындағы азаматтық құқықтық жауаптылыққа қатысты заң жобасы ұсынылды. Аталған заң жобасының басты міндеттері атом өнеркәсібін дамытуға ықпал ету және қаржылық қамтамасыз ету арқылы ядролық залалдың өтелуін қамтамасыз ету болып табылады.

Сондай-ақ, депутаттарға көші-қон процестерін реттеу мәселелеріне қатысты заң жобасын екінші оқылымда қарау ұсынылады.

Палатаның алдағы жалпы отырысының күн тәртібіне шетел валютасындағы ипотекалық қарыздар және көрсетілетін төлем қызметтері нарығының субъектілерін реттеуді жетілдіру мәселелері туралы заң жобасы енгізіледі.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер