Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Сеулден келген 100 адам Алматыда карантинге жатқызылды

5 наурызда сағат 15:50-де Сеул-Алматы рейсімен 197 адам ұшып келді, олардың 97-сі шетел азаматтары.

Сурет : zakon.kz6 Наурыз 2020, 17:41

Алматыда Оңтүстік Кореядан келгендер карантинге жабылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бас санитарлық дәрігердің 4 наурыздағы бұйрығымен, Қытай, Оңтүстік Корея және Ираннан келген адамдар әкімдіктер анықтайтын орындарда оқшауланып 14 күндік карантинге жатуы тиіс.

5 наурызда сағат 15:50-де Сеул-Алматы рейсімен 197 адам ұшып келді, олардың 97-сі шетел азаматтары (Қырғызстан - 23, Өзбекстан - 37, Ресей - 16, Украина - 18, Оңтүстік Корея - 2, Тәжікстан - 1).

Қырғызстан өзінің 21 азаматын полицияның күзетімен бірге автобуспен Қырғыз Республикасына алып кетті.

Алматы медициналық мекемесіне барлығы 100 адам, оның ішінде 4 бала жеткізілді.

Оқшауланғандардың барлығы медициналық бақылауда, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Карантин кезеңінде (14 күн) карантин аумағынан шығуға жол берілмейді. Режимді бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың таралуын болдырмау үшін барлық шараларды қабылдауда, деп хабарлады ведомство.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер