Жаңалықтар тізбегі
0

Қытайдан келген қанша адам ауруханаға жатқызылды - министрлік есебі

wikiway.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2020 17:44 wikiway.com
Бүгінгі таңда ҚХР-дан Қазақстанға 25 858 адам келді, олар - біздің елдің және шетелдік азаматтар.

Бүгінгі таңда Қытайдан оралған 20-дан астам адамның ыстығы бары анықталды, олардың кейбіреулері ауруханаға жатқызылды, - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов үкіметтегі баспасөз конференциясында, деп хабарлайды zakon.kz.

- Бүгінгі таңда ҚХР-дан Қазақстанға 25 858 адам келді, олар - біздің елдің және шетелдік азаматтар. Олардың барлығына қатысты деректер жергілікті атқарушы органдардағы бақылау комитеттеріне жіберіліп, сол азаматтарға қоңырау шалынады. Бүгінгі күні 23 адамның ыстығы бары анықталды, олардың 7-і бақылауда, 4 адам түрлі инфекция күдігімен ауруханаға жатқызылды, қаннан анализ алынды. Біз, негізінен, ЖРВИ-ге күдіктеніп, оларды ауруханаға жатқыздық. Толық диагностика үш күн ішінде жасалады, - деді Біртанов.

Ол 6 қаңтардан бастап бас мемлекеттік санитарлық инспектор шешімімен инфекцияның таралуын болдырмау үшін бақылау күшейтіліп жатқанын еске салды.

Министр мұндай шаралар, ең алдымен, Қазақстанға сырттан келген барлық азаматтарды тексеру, барлық шекаралық өткізу пункттеріндегі бақылауды күшейту арқылы жүзеге асырылғанын айтты.

- Егер індетке ие бола алмай қалған жағдайда 4,5 мыңнан астам орын дайын. Бұл бүкіл еліміз бойынша бар төсек-орын, одан бөлек барлық аймақтарда жаттығулар өткізілді, медициналық қызметкерлер арасында қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деді министр.

Сондай-ақ, ол науқастар саны көбейген жағдайда мемлекет резервінен қосымша қаржы сұрайтындарын айтты.

- Біз науқастар саны күрт артса қосымша Үкімет резервінен қаржы сұраймыз. Мұндайда жеке қорғаныс құралдары, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен дезинфекциялық құралдар қосымша сатып алынады. Біз дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қосымша резервтерін құрдық, - деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Министр Қытайдан келген барлық қазақстандықтарға тұрғылықты жері бойынша медициналық мекемелерге барып, жергілікті терапевтке қаралуды сұрайды.

- Қытайдан келген барлық Қазақстан азаматтарына құлаққағыс етеміз. Барлығыңызға бірдей қоңырау шалып, хабарласу мүмкін болмауы ықтимал, сондықтан өз беттеріңізше жақын маңдағы емханаларға барып, дәрігерлерге тіркеліп, денсаулықтарыңызға қатысты мәселе бар-жоғын біліп-сұраңыздар. Бұл өз қауіпсіздіктеріңіз үшін ғой, біздің мамандар бірден қадағалауға алады, аяқ-асты денсаулығыңыз нашарласа, бірден қабылдайды олар, - деп сөзін түйіндеді Біртанов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: