Астанадағы тұрғын үй кешенінде болған өрттен бес адам ауруханаға жеткізілді
Елордадағы "Камал-4" ТҮК болған өрттің нәтижесінде 11 адам медициналық көмекке жүгінген, оның бесеуі аурухана төсегіне таңылды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК хабарлады, деп жазады Zakon.kz.
Бейсенбі, 28-ақпан күні кешке Астанада өрт болды. Сағат 22:18 үшінші қабатта орнласқан пәтерден өрт шығып, үй заттары мен балкон отқа оранған. Жалын жалпы аумағы 15 шаршы метр аумақты шарпып үлерген.
Қызыл жалын сағат 22:46 ауыздықталып, 22:58-де толығымен сөндірілді. Тұрғындардың жартысы төтенше жағдай орнынан өздері шыққан. Өрт болған мекен-жайға келген өрт сөндіру қызметінің мамандары 25 адамды қауіпсіз аймаққа көшірген, оның оны балалар. Тілсіз жауды сөндіруге Астана қалалық ТЖД жеке құрамының 23 маманы мен бес өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.