Алматы облысында тұрғын үйдің үш қабатында орналасқан балкондар өртенді

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2019 21:28 Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі
Қызыл жалынды сөндіру барысында 35 адам қауіпсіз жерге шығарылды, оның 12-бала, тағы бір адам құтқарылды (1-топтағы мүгедек).

Талғарда тұрғын үйдің үш қабатында орналасқан балкондар өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2019-жылы 6-ақпан күні сағат 12.39 Алматы облысының ТЖД Талғар қаласы, Қарасай батыр көшесі, 38 мекен-жайында орналасқан төрт қабатты үйдің 2-3-4 қабаттарындағы балкондардың жанып жатқандығы жайлы ақапарт келіп түсті. Өртті сөндіру барысында аталған үйдің 35 тұрғыны қауіпсіз жерге шығарылды, оның 12-сі бала. Сонымен қатар бір адам құтқарылды (1-топтағы мүгедек). Қызыл жалын 12 сағат 47 минутта ауыздықталып, 13 сағат 11 минутта толықтай сөндірілді. Абырой болғанда жалын пәтер ішіне тарап үлгерген жоқ",- делінген хабарламада.

Тілсіз жауды сөндіруге 10 өрт сөндіруші маман мен 3 техника жұмылдырылды. Қазіргі таңда өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Жалын 3 балконды қосқанда 35 шаршы метр аумақты шарпыған.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2019 21:28

, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2019 21:28

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: