Ақша айырбастау орындары 1 АҚШ долларын 400 теңгеден сатып жатыр

Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде 1 АҚШ доллары 400 теңгеден сатылуда.
Қазақстанның ақша айырбас орындарында мұнай бағасының күрт арзандауына байланысты доллар қымбаттап шыға келді, деп хабарлайды zakon.kz.
Kurs.kz сайтының хабарлауынша, Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде 1 АҚШ доллары 400 теңгеден сатылуда.
ОПЕК + мәмілесі сәтсіз аяқталғаннан кейін Brent маркалы мұнайдың бағасы қатты құлдырап, бір баррелі 31,43 долларға дейін төмендеді.
Бөлісу
0
Толық оқу