Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағандыда ақша айырбастау пунктін тонағандар іздестіріліп жатыр

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2018 20:52 Хабар 24
Өткен түнде Қарағанды қаласында валюта айырбастау бекетіне қарақшылық шабуыл жасалды.

Қарағандыда валюта айырбастау бекетін тонап кеткен 2 қылмыскер іздестірілуде, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігіні департамент директоры Алмас Сәдубаев мәлімдеді.

«Өткен түнде Қарағанды қаласында валюта айырбастау бекетіне қарақшылық шабуыл жасалды. Бетперде киген екі адам ғимаратқа баса-көктеп кіріп, кассирді пышақпен қорқытып, 3 млн 900 мың теңге, сондай-ақ 950 доллар, 2 мың 650 еуро және 120 мың рубль алып кеткен. Күдіктілердің жеке тұлғасы анықталып, қазір ұрыларды ұстау шарасы жүріп жатыр», - деді Алмас Сәдубаев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: