Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлттық банк шетел валютасы айырбасына мораторий жариялады деген рас па?

dsnews.ua, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2020 02:41 dsnews.ua
Мессенджерлер арқылы фейк ақпарат тарап жатыр.

ҚР Ұлттық банкі шетелдік валютаның қолма-қол айырбастау операцияларына бүтіндей мораторий жариялады деген қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды zakon.kz @financekaz телеграм арнасына сілтеме жасап.

Ешқандай да мораторий немесе шетелдік валютаның қолма-қол айырбастау операцияларына тыйым салу туралы мәселе көтерілген жоқ, ол мүмкін де емес, - деді Ұлттық банк.

Мұндай жалған ақпараттарды халықты дүрбелеңге салу үшін еріккендер немесе бүгін биржаның жабық кезін пайдаланып, шетелдік валютаның сатылымына сұранысты алыпсатарлық жолмен тудыруды мақсат етушілер таратады.

Босқа алданып қалмаңыз! Қазақстанда қолма-қол шетел валютасы операциясына бір Ұлттық Банктің бұйрығымен тыйым салу заң жүзінде мүмкін емес! Сонымен қатар, мұндай жалған ақпаратты шығарушылар мәтінді қалай болса солай жаза салады, сондықтан ондағы қаріпке, лауазымның аты-жөніне, құжат атауына мұқият зер салыңыздар. Ұлттық банктің Қаулысы, негізінен, мүлде басқаша толтырылады.

9 наурызда ҚР Ұлттық банкі ел экономикасындағы бүгінгі ахуалға түсінік берді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2020 02:41

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: