Жаңалықтар тізбегі
0

Экономикадағы күрт өзгеріске байланысты жалақы мен зейнетақы өсе ме?

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2020 17:49 zakon.kz
Бюджеттік мекемелердің жалақысын көтеру мәселесі биылғы бюджеттің мүмкіндігіне байланысты.

Егер инфляция деңгейі жоспарланған дәлізден асып кетсе, онда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерін индекстері бұрынғыша қала береді, деп мәлімдеді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов үкіметтегі баспасөз конференциясында, деп хабарлайды zakon.kz.

"Ақша бағамындағы өзгеріс және зейнетақы мен жәрдемақылардың индексациясы жайына келетін болсақ, егер болашақта инфляция деңгейі жоспарланған дәлізден асып кетсе, онда индексация мөлшері мен жәрдемақылар көлемі бұрынғыдай қала береді", - деді Нұрымбетов.

Министр бюджеттік ұйымдардың жалақысын индексациялау жайына қатысты оның өткен жазда ғана орташа есеппен 30% , одан соң 2020 жылдың басынан бастап 30% өскенін айтты.

Өткен жылы маусым айынан бастап жалақы өсірілген. 2020 жылдың басында орташа жалақы 30 пайызға артты. Биыл ол бюджеттің мүмкіндігіне байланысты болады. Жекеменшік ұйымдар үшін индексацияны және жалақыны көтеруді талап ету, әрине, қиын болуы мүмкін. Біз үшін басты міндет - жұмыс орындарын сақтау, ағымдағы жалақыны уақтылы төлеу, - деп түсіндірді министр.

Өз кезегінде Қаржы министрі Әлихан Смайылов үкімет отырысында әлеуметтік міндеттемелердің толық орындалуы қамтамасыз етілетіндігін мәлімдеді. Инфляция дәлізін қайта қарауды ескере отырып, зейнетақыларды, жәрдемақыларды, АӘК индексациясы бойынша шаралар қабылданады. Теңге бағамына байланысты бірқатар шығындар индексацияны қажет етеді. Бұл - мемлекеттік қарызға қызмет көрсету, халықты тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, Қазақстан азаматтарын шетелде емдеу, «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алу және басқалар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: