Петропавлдықтар рубльді жаппай сатып алып жатыр

10 Наурыз 2020, 17:26
Сурет: © Depositphotos.com/cookelma

Петропавлдықтар жаппай Ресейдің рублін сатып алып жатыр. Оның бағамы арзандап, 5 жарым теңгеге дейін түсіп кеткен, деп хабарлайды "Хабар-24".

Ал долларға деген сұраныс төмен. Қазір АҚШ доллары 401 теңгеге жетті. Бірақ валюта айырбастау орындарында ұзын-сонар кезек байқалмайды.

Кәсіпкерлердің айтуынша, адамдар дүйсенбі күні көп болған. Жалпы, Қазақстан бойынша доллардың орташа бағамы бірдей. Шамамен - 396 теңге. Кейбір қалаларда АҚШ доллары жоқ. Мәселен, Павлодарда тек сатып алу жүріп жатыр.

- Маған оның айырмашылығы жоқ. Зейнеткермін. Қазір жарыммен ақшамызды рубльге ауыстырып, Ресейге немерелерімізге барып келеміз. Қымбаттай ма, арзандай ма, алатыным сол зейнетақы.

- Аз-маз доллар сатып алдым. Қазіргі әлемдегі саяси жағдайға байланысты ол тағы да өседі деп ойлаймын.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?