Жаңалықтар тізбегі
0

Рубль бағамы күрт өсіп шыға келді

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.07.2019 15:32 pixabay.com
1 доллардың бағамы 77 тиынға түсіп, 63 рубль 13 тиынды, 1 евро 59 тиынға арзандап, бағамы 71 рубль 1 тиынды құраған.

10 шілдеде Мәскеу биржасының жабылуы кезінде рубль бағамы доллар мен евроға шаққанда біршама көтерілді деп хабарлайды Lenta. ru-ге сілтеме жасап, Zakon.kz.

Биржадағы дерекке сүйенсек, 1 доллардың бағамы 77 тиынға түсіп, 63 рубль 13 тиынды, 1 евро 59 тиынға арзандап, бағамы 71 рубль 1 тиынды құраған.

Рубльдің аяғы асты өсуіне АҚШ-тың Федеральды резерв жүйесінің басшысы Джерома Пауэлланың мәлімдемесі әсер еткен көрінеді. Ол халықаралық экономикаға сауда-саттық қарым-қатынасындағы қиын жағдайларға байланысты қауіп төніп тұр деп мәлімдеген. Оның осы сөзі халықаралық ақша нарығындағы доллардың бағамына кері әсер етіп кетті.

Оның үстіне рубльдің нығаюына мұнай бағасының өсуі және экспортшылардың салық кезеңіне дайындығы да әсер еткен деседі.

Бүгін Алдматыдағы ақша айырбас орындарында Ресейдің рублі 6 теңге 5 тиыннан саудаланып, одан ешқандай өзгеріс байқалмайды. Яғни, алдындағы 1-2 күн бұрын да Алматыда ресейлік рубль осындай бағамда саудаланған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: