Рубль бағамы күрт құлдырап кетті
zakon.kz
Доллар 1,60 теңгеге, евро 3,40 теңгеге қымбаттады.
Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары, евро және ресей рублінің валюталық своп операциялары бойынша сауда-саттық өткізілді, деп хабарлайды zakon.kz.
Қор биржасындағы валюталар саудасының қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 380,65 теңгені (+1.60) құрады.
Евроның орташа бағамы - 421.30 теңге (+3.40), сауда-саттық көлемі - 850 мың еуро.
Ресей рублінің орташа алынған бағамы 5,9538 теңге (-0,0630), сауда-саттық көлемі - 25 млн рубль.
Ақша айырбастау орындарында 1 АҚШ доллары 380,5 теңгеден сатылып, 381,9 теңгеге сатып алынып жатыр.
Евро - 421,7-423,7 теңге, ресей рублі - 5,96-6,01 теңге.
Сауда-саттыққа KASE-нің 10 мүшесі қатысты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript