Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Алматы облысында сегіз жасар қызды ұрлап әкетіп, екі сағат жертөледе ұстаған ер адам ұсталды

Ауыл адамдары күдіктіні сырттай танитын болып шықты. Сөйтсе, нәпсісін тия алмаған ер азамат сол ауылдың, сол көшенің тұрғыны екен.

Сурет : видеодан алынды11 Наурыз 2020, 09:59

Оқиға 7 наурыз күні Алматы олысы Талдыбұлақ ауылында болған. Үйінің маңында ойнап жүрген 2-сынып оқушысын 30 жастағы ер адам алдап шақырып алып, иесіз, бос жатқан ғимараттың жертөлесіне алып кетіп, арам ойын жүзеге асырмақ болған. Қызға іздеу салған ата-анасы оны 2 сағаттан кейін, ұялы телефоны арқылы тауып алады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Азғын жертөледе қызды 2 сағаттай ұстаған. 1990 жылы туған, жұмыссыз азамат сол күні мас болыпты. Ауыл тұрғындары қыз баланы қалтасындағы телефоны арқылы тапқан деседі. Жантүршігерлік жайтты ести салысымен мектеп директоры мен психолог маман оқиға орнына дереу жетіп, баланы Талғар ауданының Орталық ауруханасына алып барған.

"Үйге бірден кірдік, психолог балаға кіріп кетті. Мен ата-аналармен үйінде отырып сөйлесіп қалдым, қалай болғанын біліп. 10 минуттан кейін баланы киіндіріп, дереу Талғардағы ауруханаға алып бардық", - деді мектеп директоры Зәмзәгүл Мәріпова.

Ауыл адамдары күдіктіні сырттай танитын болып шықты. Сөйтсе, нәпсісін тия алмаған ер азамат сол ауылдың, сол көшенің тұрғыны екен. Тіпті көрші тұратын жақын танысы оның мұндай әрекетке барғанына сенер емес.

"Жақсы бала болатын. Өзім араласатынмын. Қанша тұрамыз осы үйде, 40 жылдай болды осы жерде тұрады үйдегілер. Араласып, ойнап жүретінбіз. Бірінші рет болып отыр. Өзім таңқалдым, өйткені өзім көріп жүрген, көз алдымда жүрген бала", - деді Талдыбұлақ ауылының тұрғыны Диана Иманқұлова.

Мұндай жағдай ауылда бірінші рет болған. Бұған ауыл халқы үрейленіп қалдық дейді.

"Қорқынышты, қазір бәрі тасиды ғой балаларын мектепке, алып барып, алып кетеміз. Қыстыгүні соңғы сабақ жеті жарымда бітеді, үйге келгенше қараңғы болады", - деді Талдыбұлақ ауылының тұрғыны Лаула Төрегелдина.

"Біз қорқамыз, әрине. Балаларымызды шығарып салып, күтіп аламыз. Әсіресе, кешке өте қорқынышты. Күн батып кетеді" - деді Талдыбұлақ ауылының тұрғыны Мариям Әділбекова.

"Бұл ауылда ондай болған жоқ. Тек телевизордан көруші едік. Қорқамыз, айтып жатырмыз, далаға шықпаңдар деп", - деді Талдыбұлақ ауылының тұрғыны Тұрсын Мяшева.

Талдыбұлақ ауылының тұрғындарының айтуынша, 30 жасар күдікті мына мектепті бітіріпті. Зардап шеккен 8 жасар қаршадай қыз да қазір осы мектепте оқиды екен. Бұл жағдайға байланысты қазір білім ошағында қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, тиісті жұмыстар атқарылуда.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер