Павлодарда қызды кірпішпен ұрған ер адам ұсталды
Сурет: Zakon.kz
Күдікті Павлодар қаласының 27 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол қызды ұялы телефонын тартып алмақ болып ұрғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция қызметкерлері күдікті ер адамды ұстады. Ол Павлодар қаласының 27 жастағы тұрғыны болып шықты. Сотқа дейінгі өндірісті жүргізу барысында ер адам қыздың ұялы телефонын тартып алуға әркеттенгені анықталды. Тергеу «қарақшылық шабуыл» фактісі бойынша жүріп жатыр. Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.
Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, күдікті Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Еске салсақ, 21 тамыз күні сағат 01:10 шамасында белгісіз ер адам қыздың басынан кірпішпен бірнеше рет ұрған.
Павлодарда бейтаныс ер адам қыздың басынан кірпішпен ұрған
Жарақаттанған қыз ауруханаға 21 тамыз күні күндіз барған. Оған «мидың шайқалуы» диагнозы қойылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript