Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарда бейтаныс ер адам қыздың басынан кірпішпен ұрған

Павлодар, кірпіш, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2022 20:04 Сурет: polisia.kz
Павлодар полицейлері қызды кірпішпен бірнеше рет ұрған ер адамды іздеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

23 тамызда Павлодар қаласының полиция бөліміне 20 жастағы қыз хабарласып, белгісіз ер адамға қатысты шара қолдануды сұрады.

21 тамыз күні сағат 01:10 шамасында белгісіз ер адам қыздың басынан кірпішпен бірнеше рет ұрған.Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі

Зардап шеккен қыз ауруханаға 21 тамыз күні күндіз барған. Оған «мидың шайқалуы» диагнозы қойылды.

Бұзақылық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жәбірлеушінің жеке басын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: