Алматы облысында қызғаншақ ер адам туысқанын өлтірді

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2019 23:16 Хабар 24
Күдікті Бөлек ауылының тұрғыны, мерт болған адамның туысы болып шықты

Басына оқ тиген адамның денесі Бөлек ауылына жақын маңдағы жеке үйлердің бірінен табылды, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдікті Бөлек ауылының тұрғыны, мерт болған адамның туысы болып шықты. Ер адамды бірнеше сағаттың ішінде ұстады.

Қылмыс жасалған аңшы мылтығы айғақ зат ретінде тіркелді. Қаруды күдікті заңсыз сақтаған.

Ұсталған адам екеуінің қызғаныш үшін жанжалдасқанын айтты. Күдікті уақытша оқшау изольяторына тоғытылды. ҚР Қылмысты кодексінің 99-бабы, яғни "Кісі өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: