Ақмола облысында ер адам көлікке винтовкадан оқ атты

Полиция ұстады, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2021 21:24 Сурет: pxhere
Қаскүнем Вознесенка ауылының 26 жастағы тұрғыны болып шықты.

Ақмола облысында 24 жастағы ер адам отырған ВАЗ-2110 көлігіне винтовкадан оқ атылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

5 желтоқсанда Бұланды АПБ кезекші бөліміне Вознесенка ауылының учаскелік полиция инспекторы белгісіз біреудің 24 жастағы ауыл тұрғыны болған ВАЗ-2110 маркалы автокөлігіне ұсақ калибрлі винтовкадан екі рет оқ атқанын хабарлады.

Оқиға орнына дереу жеткен жедел-тергеу тобының қызметкерлері күдіктіні ізін суытпай ұстады.

Қаскүнем Вознесенка ауылының 26 жастағы тұрғыны болып шықты, одан полицейлер ТОЗ-8 шағын калибрлі мылтығын тәркіледі.Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі

Сонымен қатар, оқиға орны мен жәбірленушінің көлігін тексеру кезінде полиция гильзаларды тапты. Қылмысқа жәбірленуші мен күдіктінің арасындағы күрделі қарым-қатынас себеп болғаны анықталды.

Бұланды ПБ тергеу бөлімі аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 24-бабы, 3-бөлігі, 99-бабы, 1-бөлігі ,(Адам өлтіруге оқталу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті қамауға алынды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: