Үйінде карантиндегі алматылықтарға емханаға бармауға кеңес берілді

12 Наурыз 2020, 16:19
Сурет: lh3.googleusercontent.com

Коронавирустың ахуалы туралы қоғамдық кеңестің отырысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қала тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол үйінде каратиндегі адамдарға емханаға салып-ұрып жетіп келмеуге кеңес берді.

Маңызды бір кеңес, егер сізден коронавирус табылса, онда ауруханаға немесе емханаға бармаңыз. Себебі вирус одан әрі таралуы мүмкін. Хабарлассаңыз болғаны, инфекциялық боксқа тасымалдау мәселесі шешіледі, - деді депутат.

Ол үйінде карантинде болудан бас тартқандар үшін жаза енгізілуі мүмкін екенін айтты.

Біз Мәслихаттан карантинде болуы тиіс, бірақ оқшауланудан бас тартқан адамдарға жаза қолдануды сұраймыз деп отырмыз, деп сөзін түйіндеді Бабақұмаров.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?