"Нөсер жаңбыр жауып, қатты жел тұрады". Алматылықтарға тауға бармауға кеңес берілді

Жаңбыр, Алматы, дауылды ескерту, 24 наурыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.03.2025 11:18 Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Алматылықтарға, сондай-ақ қала қонақтары мен туристерге бүгін, 2025 жылы 24 наурызда нөсер жаңбыр жауып, қатты жел тұратыны ескертілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласының ТЖ департаменті 24 наурызда Алматыда күндіз қатты жауын-шашын жауады, найзағай ойнап, қатты жел соғатынын ескертті.

"Найзағай кезінде солтүстік-шығыстан солтүстік батысқа қарай ойыса соққан желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жетеді", делінген хабарламада.

Осыған байланысты төтеншеліктер қалалықтар мен қала қонақтарына тауға барудан бас тарта тұруды сұрайды.

Бұған дейін 24-26 наурыз аралығында Астана, Алматы және Шымкентте қандай ауа райы күтілетіндігі жайлы жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: