Елімізде үсік жүріп, қатты жел соғады, шаңды дауыл тұрады
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, күндіз Атырау облысының оңтүстігі мен орталығында найзағай ойнап, дауыл тұрады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады, оңтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, оңтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, шығыста күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Оралда нөсер, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыс желі соғады, күндіз екпіні 18 м/с болады.
Күндіз солтүстікте, Маңғыстау облысының орталығында найзағай ойнайды, шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің, күндіз солтүстікте, оңтүстікте, облыс орталығында күші 17-22, екпіні 25 м/с болады.
Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде желдің екпіні 15 м/с болады. Ақтөбеде түнде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с болады.
Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыс желі соғады, күндіз облыстың шығысында желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай ойнайды. Шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Күндіз Алматы облысының таулы аймақтарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыс желі соғады, облыстың шығысында 15-20, екпіні 25 м/с болады.
Шығыста, Қарағанды облысының орталығында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыс желі соғады, шығыста, облыс орталығында екпіні 15-20 м/с болады.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында – найзағай ойнайды, тұман түседі. Солтүстік-батыс желі соғады, оңтүстік-батыс желі солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с болады. Түнде облыстың батысында -1°C үсік жүреді.
6-7 маусымда күндіз Жамбыл облысының таулы аймақтарында күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аймақтарда 15-20 м/с болады.