14 маусымда елімізде қатты ыстық, бұршақ, шаңды дауыл болады
Қазақстан аумағының басым бөлігі циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады. Осыған байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады: найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл соғады.«Қазгидромет» РМК
Синоптиктердің болжауынша, Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады. Солтүстікте, шығыста, оңтүстік-батыста жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде солтүстікте, шығыста, күндіз Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Найзағай кезінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Таңертең және күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ, бұрқасын болады. Күндіз солтүстік-шығыста, шығыста жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысында найзағай ойнайды. Найзағай кезінде жел 15-20, солтүстікте, шығыста екпіні 25 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында күн күркіреп, бұршақ жауады. Желдің күші 15-20 м/с жетеді. Түнде және таңертең оңтүстік-батыста тұман түседі.
Оңтүстікте, күндіз Павлодар облысының орталығында күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Найзағай кезінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында күн күркіреп, бұршақ жауады. Күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында найзағай, бұршақ, көктайғақ. Күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, көктайғақ болады. Желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Батыста, солтүстікте, Маңғыстау облысының орталығында шаңды дауылмен жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз батыста, оңтүстікте найзағай ойнайды.
Күндіз Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл тұрады.
Сонымен қатар:
Маңғыстау облысының оңтүстігінде күндіз +38°С-қа дейін қатты ыстық болады;
Қызылорда облысында, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Болжам бойынша, алдағы үш күнде батыстан тағы бір антициклон Қазақстан аумағына ауысып, өзімен бірге нағыз жазғы ауа райын ала келеді.