Алматыда нөсер жауып, қатты жел көтеріледі
Фото: unsplash
Алматы тұрғындары мен қонақтарына алдағы қолайсыз ауа райы туралы ескерту жасалды. Синоптиктердің болжамына сәйкес, 2025 жылдың 23-24 қыркүйегінде қалада нөсер жауын жауып, екпінді жел соғады, деп хабарлайды Zakon.kz.
РМҚ "Қазгидромет" мәліметінше:
- 23 қыркүйекте сағат 05:00-ден бастап 24 қыркүйектің таңына дейін Алматыда жауын-шашын болады, кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі – 20 мм-ге дейін. Желдің екпіні секундына 18 метрге жетеді. Күндіз ауа температурасы +17…+19 °С болады.
- 24 қыркүйек күні түнде жаңбыр сақталады, күндіз – жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +10…+12 °С, күндіз +18…+20 °С.
Осыған байланысты қалада коммуналдық және жедел қызметтердің тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды. Жұмысқа 123 арнайы техника, 74 мотопомпа, 20 ассенизаторлық машина (оның ішінде 13-і ықтимал су басу аймақтарына қойылған), сондай-ақ 75 жедел бригада — 425 жол жұмысшысы мотопомпалармен және қажетті құрал-жабдықтармен тартылды.
Еске сала кетейік, 16 қыркүйекте Алматыда күзгі нөсер жауын жауып, 15 мм-ге дейін жауын-шашын түскен еді. Бұл айлық норманың жартысынан астамын құрады. Қаланың жоғарғы бөлігінде арықтардың толып кетуінен көшелерді су басты. Сонымен қатар, Аманжол көшесінде жолдың шайылуы салдарынан 13 көлік асфальт астына түсіп кеткен болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript