Жаңалықтар тізбегі
0

Димаштың жеке концерті Еуропаның бес қаласында жалғасады

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2020 23:41 Хабар 24
Киевте болған Димаш Құдайберген енді Прага, Гамбург, Дюссельдорф, Минск сынды алып шаһарларда қазақтың қара домбырасын күмбірлетіп, жанкүйерлеріне таңғажайып шоу сыйламақ.

Өнерімен әлемді мойындатқан, ерекше дауысымен талайды тәнті еткен Димаш Құдайберген Киевте концерт берді, деп хабарлайды "Хабар 24".

Қазақ баласының жеке ән кешіне, алыстан ат терлетіп келген жұрттың қарасы қалың. Украина астанасы бүгін ауа райымен қуанта қоймаса да, жергілікті халыққа жылулық сыйлады. Бұл жылулықты Мәскеуден кейін өзінің жеке концертімен ат басын бұрған Димаш Құдайберген әкелді. Қазақстандық әншінің бұл жақта жанкүйерлері көп. Димашты, тіпті Украина халқы ғана емес, әлем жұрты сүйеді. Киевтегі алғашқы концертіне сонау мұхит асып АҚШ, Канада, Жаңа Зеландиядан да жанкүйерлері келіпті. Бұл қазақстандық әншіге деген ерекше құрмет болып отыр.

Джоуэл Бенабоу, жанкүйер /Канада/

– Біз Димаштың өлеңдерін таңертең де, кешке де тыңдаймыз. Ерекше бір ләззат аламыз. Бұған дейін Рига мен Мәскеудегі концертінде болған едік. Өте керемет.

Нина Боуден, жанкүйер /АҚШ/

– Мен Димаштың Нью-Йорктегі концертінде болдым. Сүйікті әншіме жақын отыру үшін 5 билетті ауыстырдым. Арманыма жеттім.

Риат Шони, тілші:

– Қазақстандық әншінің Еуропадағы концерттік туры бүгін Украина астанасы Киевте жалғасын тапты. Шараның басталуына санаулы минуттар қалды. Халық біртіндеп жиналып жатыр. Ал Украинадағы Димаштың жанкүйерлері бүгін өздерінің сүйікті әншісі көптен күткен "Дайдидау" әнін шырқайды деп үміттенеді. Әлем халықтарын қазақ тілінде ән айтқызған бұбұл дауыс иесі. Әр концерті жанды дауыста өтуде. Жанкүйерлері Димаш ән айтқанда оған қосылып, қолдап отырды.

Айта кету керек, Димашты барлық концертінде жақындары қолдап келеді. Әке-шешесі де үнемі қасында. Тіпті, Қанат Айтбаевтың өзі баласы ән шырқағанда қазақтың ұлттық аспабы домбырамен сүйемелдейді. Шындығын айту керек, әлем елдерінде қазақша ән шырқап, алып стадиондарды жинаған қазақ өнерпаздары кемде-кем шығар. Украина халқы көптен күткен Димаш Құдайбергеннің Киевтегі алғашқы үлкен концерті аяқталуға шақ қалды. Димаштың осы Киевтегі жанкүйерлерінің көңілі шат-шадыман. Ерекше қуану үстінде. Мінекей, тіпті өздерінің сүйікті әртістеріне түрегеліп тұрып шапалақ ұрып жатыр. Бұл әншіге деген ерекше құрмет. Жергілікті халықтың Димашты құрметтегені соншалық, сахна маңына күзет қызметі адамдарды жолатпауға тырысса да, шамалары жетер емес. Украина халқы жарты жыл тағатсыздана күткен Димаштың концерті көзді ашып жұмғанша өте шықты. Сахна төрінде 2,5 сағат бойы жанды дауыста ән шырқап, тыңдармандарын қуантқан әншіні жергілікті халық осында қалуын да сұрады.

Алда әлі Еуропаның бес қаласы бар. Енді Димаш Құдайберген Прага, Гамбург, Дюссельдорф, Минск сынды алып шаһарларда қазақтың қара домбырасын күмбірлетіп, жанкүйерлеріне таңғажайып шоу сыйламақ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: