ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің коронавирус кезіндегі нұсқаулығы

14 Наурыз 2020, 21:59
Сурет: Алматы ТВ

Алматыда коронавирус инфекциясына байланысты жағдай жіті бақылауға алынып, барлық іс-шаралар толығымен жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, изолятор бөлмелері, емдеуге және дезинфекцияға арналған құралдар дайын, деп хабарлайды Almaty.tv.

Эпидемиологтар халықты тазалыққа шақырып, әркім өз денсаулығы үшін тазалық шараларын қатаң ұстануға кеңес беруде. Әр адам короновирус дертінің алдын алуы үшін мына нұсқаулықтарды қатаң ұстанғаны жөн:


-

дене қызуын күніне екі рет өлшеу қажет;

- бөлмені кемінде екі рет таза ауамен желдетіп отыру керек;

- қолды сабынмен жиі жуып, кем дегенде 20 секунд мұқият тазалау керек;

- жеке гигиенены сақтап, тамақтанғанда жеке ыдысты қолдану қажет;

- суық тию белгілері болған жағдайда дереу дәрігерге жүгіну керек;

- респираторлық аурулардың белгілері байқалған жағдайда медициналық маска киіп жүріп, оны 2-3 сағат сайын ауыстыру қажет;

- жөтелгенде немесе түшкіргенде бір реттік майлықтар қолдану керек;

- лас қолмен көзді, мұрынды, бетті ұстамау керек;

- құрамында спирті бар дезинфекциялық заттарды қолдану қажет;

- респираторлық аурулардың белгілері бар адамдарға жақындамаған дұрыс;

- адамдар көп жиналатын жерлерге бармау керек;

- қоғамдық көліктерді пайдаланудан бас тартыңыз;


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?