Алматыдағы кезекті жер сілкінісі: дабыл сөмкесінде не болуы керек, қандай алғашқы қадамдарға барған дұрыс
Сурет: Zakon.kz
Алматыда бүгін, 2024 жылғы 5 қарашада сағат 10:00-де жер сілкінісі болды. Осыған байланысты Zakon.kz тілшісі зілзала кезінде үрейге бой алдырмай, сақтық шараларын қатаң ұстануға кеңес береді.
Дабыл сөмкесі
Дабыл сөмкесі әрқашан дайын тұрғаны жөн. Себебі, апат айтып келмейді демекші, кез келген сәтке сақадай сай болу керек.
Өзіңізге қолайлы сөмкені немесе рюкзакты алып, ішіне келесі заттарды салу қажет:
- ақша мен құжаттар-тәжірибе бойынша оларды қалтаға немесе файлға алдын ала ораған дұрыс;
- алғашқы медициналық көмек қобдишасы (дәке таңғыштары, доғал қайшылар, антисептикалық дымқыл майлықтар, мақта, медициналық қолғаптар, турникет, этил спирті, йод және өзіңңіздің қалауыңыз бойынша дәрі-дәрмектер);
- су тәулігіне 3-4 литр және жазғы маусымда 5-6 литр мөлшерінде;
- консервіленген және жоғары калориялы, тез бұзылмайтын тағам;
- жеке күтім құралдары;
- жылы киім;
- көрпе;
- радиоқабылдағыш;
- батареямен жұмыс істейтін фонарь;
- сіріңке;
- ысқырық.
Дайын сөмкені "қолыңызда" ұстау керек.
Дүрбелеңге түспеңіз
- Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
- 2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;
- 3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
- 4. Жасырынатын жерді табыңыз — жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;
- 5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); көп қабатты үйлерде жер сілкінісі аяқталған соң шығыңыз;
- Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
- Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
- Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
- Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
- Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.
Мен сыртта жүрмін, не істеу керек?
- Біріншіден, үрейге бой аллырмаңыз;
- Екіншіден, ағаштардан, ғимараттардан және электр желілерінен аулақ болыңыз
- Үшіншіден, мүмкіндігінше қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетіңіз.
Жер дүмпуі қайта қайталануы мүмкін. Сондықтан үйге оралмастан, жақын ораласқан қабылдау пунктіне барыңыз.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript