Жаңалықтар тізбегі
0

Денсаулық сақтау министрлігі қандалаға қарсы шараны өздігінен жүргізбеуді ескертті

Денсаулық сақтау министрлігі қандалаға қарсы шараны өздігінен жүргізбеуді ескертті, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2023 09:50 Сурет: Zakon.kz
Кейінгі уақытта тұрғындардан тұрғын үй-жайларда қандаланың көбеюіне қатысты шағымдар келді. Сонымен қатар азаматтардың осы жәндіктерден тұрғын үй-жайларды өз бетінше тазарту фактілері жиі кездеседі. Министрліктің айтуынша, бұл – адам денсаулығы үшін қауіпті.
"Қазір Қазақстанда үйлерді қандаладан тазарту бойынша қызметтерді "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" ҚР Заңының шеңберінде мамандандырылған компаниялар ғана көрсетеді. Сонымен қатар 2024 жылғы 1 шілдеден бастап осы қызметке түрін лицензиялау енгізіледі. Алайда оларды тазарту үшін қолданылатын препараттар мемлекеттік тіркеуге жатады". Денсаулық сақтау министрлігі

Халықтың денсаулығын сақтау және санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету үшін азаматтар мынадай ұсынымдарды білуге және есте сақтауға тиіс:

  • 1) тазартуды өз бетінше жүргізуге, тіркелмеген, ветеринария мен фитосанитарияға арналған препараттарды пайдалануға қатаң тыйым салынады;
  • 2) қандаладан тазарту үшін мамандандырылған компанияларға хабарласу қажет;
  • 3) мамандандырылған компаниялармен бірлесіп тазарту жүргізер алдында объектінің әкімшілігін (ПИК, МИБ және т. б.) және тұрғын алаңындағы, жоғарғы және төменгі қабаттағы көршілерін оны өткізу күні мен уақыты, қолданылатын құралдар мен сақтық шаралары туралы хабардар ету қажет;
  • 4) мамандандырылған компаниялар желдеткіштер мен терезелер жабық болған кезде тазарту жүргізеді. Жұмыс аяқталғаннан кейін үй-жай препаратты қолдану жөніндегі нұсқауға сай мұқият желдетіледі, желдету жүргізілгенге дейін үйде қалмаңыз, бірақ препараттың әсер ету уақытында таза ауада серуендегеніңіз жөн.

"Қандаладан өз бетіңізше тазарту сіздің және туыстарыңыздың денсаулығына зиян тигізуі, тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз!", - деп қосты дәрігерлер.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: