Коронавирусқа байланысты жалған ақпарат таратқан ақмолалық әйел ұсталды

24tv.ua 24tv.ua
Фейк ақпарат таратқаны үшін күдіктінің туысқаны да қылмыстық жазаға тартылады.

Қазақстанның солтүстігінде бір әйел коронавирус туралы жалған хабарлама таратқаны үшін ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің хабарлауынша, Ақмола облысының тұрғыны коронавирус жұқтырған адамдарды Нұр-Сұлтаннан Ақкөл қаласына ауыстырып жатыр деген жалған хабарламалар жіберген.

Өз туысына аудиохабарлама жіберген 48 жастағы Ақкөл тұрғыны анықталып, қамауға алынды. Негізсіз ақпаратты басқа топтар мен мессенджерлерге көшіріп таратқан күдіктінің туысы да жауапқа тартылады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз