"Алматыда балаларды ұрлап жатыр" деп жалған ақпарат таратқан мына әйел екен

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2019 17:12 видеодан алынды
Полиция қызметкерлері жалған ақпарат авторын бір күннің ішінде анықтап, ұстаған.

Алматы қалалық полициясы әлеуметтік желі мен мессенджерлер арқылы "балаларды ұрлап, Қытайға жіберіп жатыр-мыс" деп тараған жалған ақпараттың авторын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері жалған ақпарат авторын бір күннің ішінде анықтап, ұстаған.

- Ол 1991 жылы туған Р. есімді жергілікті тұрғын болып шықты. Әйел елді негізсіз дүрліктіріп, қорқыныш тудырған аудио хабарламаның авторы екенін мойындады. Ол бұл жайтты құрбысынан естігенін айтты. Қазіргі уақытта оның іс-әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 274 бабы, 2-тармағы бойынша бағаланып, ақпараттық-коммуникациялық жүйелер көмегімен жалған ақпарат таратқаны үшін полиция департаментінің Тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу ісін қолға алды», - деді Алматы қалалық полиция департаментінің Қылмыстық полиция басқармасының бастығы полковник Жанболат Зиадин.

Әйел өз ісіне өкініш білдіріп, алматылықтардан кешірім сұрады.

- Мен жүктеген хабарламадан дүрлігіп, негізсіз қорқыныш туғызғаным үшін Алматы тұрғындарынан кешірім сұраймын. Шынымды айтсам, мен бұл ақпаратты әлеуметтік желіде тарап, одан бүкіл ел дүрлігіп, қорқады деп ойламадым. Кешіріңіздер мені, - дейді ол.

Полициядағылар Интернет желісіндегілердің мәдениетінің өте төмен болатынын баса атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: