Шетелге көбінесе кімдер барады? Байлар, шенеуніктер барады

lowis.ru lowis.ru
Мұндай сәтте сақтықта қорлық жоқ.

Кеше Үкімет отырысы алғаш рет онлайн режимде өтті. Яғни, журналистер қатыстырылмады. Одан кейін брифинг те бейне-байланыс арқылы өткізілді. Бірақ оған қатысқан министрлер жолдаған сұрақтарға жауап қатпады. Маңызды жиындарды қашықтан өткізу туралы ұсынылған тұста бірқатар журналистер сауалдарымызға жауап болмаса, бұрынғы тәртіпті қайта қайтаруды сұрап, Президентке үндеу жасады. Журналистер мен Үкімет арасындағы байланыс қалай болмақ? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Әдетте осы уақытта Үкімет үйіне асығып жүруші ек. Бүгін жұмыс орнымыздан министрлер отырысын бақыладық.

Үкімет үйіне журналистерден бөлек министрлерде кірмейтін болған секілді. Өйткені жиын өтетін үстел басында премьер-министр мен оның орынбасарлары ғана отыр. Ал министрлер өзінің баяндамасындағы ақпаратын бейнебайланыс арқылы жеткізіп жатыр.

Таңғы кептелістен аман қалған министрлер күн тәртібіндегі мәселелер бойынша кезек-кезек слайдтармен көмкерілген баяндамаларын оқып шықты. Тапсырмаларын алды. Бұл процесті қашықтан бақылауды қолдап отырған журналистер бар. Бірі Жалғас Зейнолла.

Жалғас Зейнолла, журналист:

"Шенеуніктер мен депутаттардың артынан онсыз да жүгіріп жүреміз ылғи. Ал мұндай сәтте сақтықта қорлық жоқ деп ойлаймын. Себебі, әу баста қайдан таралды? Шетелге барып демалып келгендерден таралды. Шетелге көбінесе кімдер барады? Байлар, шенеуніктер барады. Ақшасы көптер барады. Сондықтан да журналистерге олардың жанына жолап, өзін басын қатерге тігудің қажеті жоқ деп ойлаймын".

Әуел баста Үкіметке сырттан келушілер қатары шектеледі дегенде бірқатар журналистер Президент, Үкімет басшысы, Сенат пен Мәжіліс төрағаларына үндеу жолдаған еді. Онда дәл осы қиын жағдайда тілшілерді шектемеуді сұраған болатын.

Татьяна Ковалева, журналист:

"Если нас сейчас убрать, то получится истерика. И мы ее периодически наблюдаем".


Өзге елдер базалық ставканы төмендетіп жатқанда біз неге өсіріп жатырмыз деген сауалға жауап таппай жүрген әріптес бұл. Порталда қызмет атқаратын Татьяна Ковалева Президентке үндеу жолдағандардың бірі. Егер Үкімет мүшелері онлайн түрде толыққанды жауап бере алмаса, отырыстарға журналистерді қатыстыру керек дейді.

Татьяна Ковалева, журналист:

"Біздің шенеуніктер өзі қалаған нәрсені ғана айтқысы келеді. Біз халықтың көкейінде жүрген сұрақтарды қоямыз. Қазіргі уақытта ол әсіресе маңызды болып тұр. Өйткені төтенше жағдай енгелі сұрақтар көбейді. Әрине, маған үйден отырып жұмыс істеген ыңғайлы, қарсы емеспін. Бірақ сауалыма жауап болсын".


Министрлердің баспасөз хатшыларын сөзге тарттық. Соңғы кездері жұмысы еселей түскен денсаулық сақтау ведомствосы екені белгілі. Ресми өкілі Диас Ахметшәріп күніне бірнеше рет тікелей эфирлерге, сұхбаттарға келіп жүр. Кез келген ақпаратты түнде болса да береміз дейді.

Диас Ахметшәріп, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі:

"Коронавируске байланысты бір дереу, шұғыл ақпарат түсетін болса, әр уақытта, тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн біздің баспасөз орталығына хабарласыңыздар. Біздің телефондарымыз күнде қосулы. Күндіз-түні біз ресми ақпаратты береміз. Қауесет ақпаратқа еш сенбеңіздер".


Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі де кез келген сауалға мейлінше жылдам жауап беруге тырысамыз деп сендірді. Қажет болса, сұхбатты өзіміз жазып жібереміз, дейді.

Жанжігіт Омархан, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің баспасөз хатшсы:

"Мамандардың қажетті пікіріннің өзін, қажет болса, біз өзіміз түсіріп, қажетті сұраған телеарнаға, сауалдарын жібереді бізге әлеуметтік желілер арқылы, біз соның жауабын ұйымдастырып беруге әзірміз. Бұл жерде жасалып жатқан шараның бәрі мемлекеттік деңгейде қабылданып жатқаннан кейін, бұл мемлекеттің жауапкершілігінде жасалып жатыр. Осыны сақтау ары қарай әрбір айтылғанның заңдылығын ескеру ол әрқайсымыздың адами жауапкершілігіміз деп ойлаймын".


Үкімет отырысынан кейін брифинг өткен болатын. Онда қатысқан министрлерге жолданған сауалдарға жауап болмады. Модераторы қойған сұрақтар фейсбукте де, ютюбте де көрінбеді. Журналистердің сауалын қабылдайтын басқа платформасы бар ма деп қалдық. Сауалға жауап табылар оңтайлы сәтті күтуден өзге амал болмай тұр әзірге.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз