Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Онлайн-оқу кезінде оқушылардың әр сабағы 30 минуттан жүреді

Қашықтан оқыту процесі әр мектепте қабылданған режим мен тәртіп бойынша жүреді.

Сурет : pixabay.com26 Наурыз 2020, 17:45

Қазақстанда мектеп оқушыларын қашықтан оқыту кезінде әр сабақ 30 минуттан болады. Бұл туралы "Хабар 24" телеарнасының эфирінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, қашықтықтан оқытудың әлемдік үздік тәжірибелері зерттелген. Ал қазірдің өзінде Білім және ғылым министрлігінің енгізген ұсыныстары ескеріле отырып, өзіндік тұжырымдама жасап шығарылды.

Қашықтан оқыту процесі әр мектепте қабылданған режим мен тәртіп бойынша жүреді. Сабақтың ұзақтығы 30 минутты құрайды. Мұғалім, оқушы және ата-ана тығыз қарым-қатынаста болады. Барлық оқу материалдары дайын, - деді министр.

Бұрын хабарланғандай, 6 сәуірден бастап қазақстандық мектеп оқушылары қашықтықтан оқи бастайды. Сондай-ақ «Балапан» және «Ел Арна» телеарналарында оқушыларға қосымша видеосабақтар іске қосу жоспарланған болатын.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер