Студенттер арасында ауру көбейсе, жоғары оқу орындарын онлайн оқуға көшіру мүмкін бе
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2025 жылдың 13 қарашасында Денсаулық сақтау министрлігі студенттер саны көбейіп ауырған жағдайда жоғары оқу орындарын қашықтан оқыту форматына көшіру туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Министрлікке "Қанша студент ауырған кезде жоғары оқу орындары онлайн форматқа көшіріледі?" деген сауал жолданған.
"2025 жылғы 22 тамыздағы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысында тек жалпы білім беретін ұйымдарды (мектептерді) қашықтан оқытуға көшіру критерийлері белгіленген. Ал жоғары оқу орындары мен колледждерге қатысты мұндай талаптар бекітілмеген", – делінген Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Бүгін дәрігерлер елорда стационарларында тұмау мен ЖРВИ жұқтырған науқастар санының көбею себебін түсіндірді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript