Су басқан өңірлердегі студенттер онлайн оқуға ауыстырылуы мүмкін
Сурет: Zakon.kz
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов 11 сәуірде ОКҚ-да өткен брифинг барысында су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі жоғары оқу орындарының студенттерін онлайн оқуға ауыстыру мүмкіндігі қарастырылғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Талғат Ешенқұлов бүгінгі таңда су басқан тоғыз өңірдің 30 жоғары оқу орны апаттан эвакуацияланған азаматтар үшін қолдау көрсетіп, көмектесіп жатқанын жеткізді.
Оның ішінде 16 жоғары оқу орнының жатақханаларынан жалпы саны 3820 орын даярланып, онда 548 адам орналасты, оның 228-і мектеп жасындағы балалар. Ал резервтегі орындар саны 3272-ні құрайды.
"Сонымен қатар, табиғи апат болған жағдайда жоғары оқу орындары студенттерді қашықтықтан оқуға жібере алады. Қазір залал келген үйлерді қалпына келтіру және жаңа құрылыс жұмыстары аяқталғанға дейін зардап шеккен тұрғындарды жатақханаларда қалдыру үшін ондағы студенттерді қашықтықтан оқытуға жіберу мәселесі қаралуда. Бүгінде бір ғана жоғары оқу орыны, атап айтқанда Ақтөбе облысындағы Досмұхаметов атындағы университеттің студенттері онлайн режимге ауысқан, қалғандары оқу процесін штаттық режимде жалғастыруда", - деді вице-министр.
11 сәуірде Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы Атырау және Ақтөбе облыстарының оқушылары БЖБ (бөлімге жиынтық бағалау) және ТЖБ (тоқсанға жиынтық бағалау) тапсырмайтынын хабарлады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript