Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Көкшетауда жасанды тыныс алу аппараты өндіріліп жатыр

Зауыттың айына осындай 20-30 дана аппарат шығаруға мүмкіндігі бар.

Сурет : inform.kz26 Наурыз 2020, 17:56

Көкшетаудағы зауыт жасанды тыныс алдыратын аппарат өндіріп шығаруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорын басшылығының мәліметінше, қазіргі кезде зауыт алғашқы "Көкшетау-4" өкпеге жасанды тыныс беру аппараттарын облыстағы медициналық мекемелерге таратқан.

"Зауытта осыған дейін шығарылып, дайын тұрған 17 аппаратты облыстағы медициналық мекемелерге бердік. Тағы 50 дана аппарат шығарылуда. Жалпы, бүгінгі күнге дейін 300 дана "Көкшетау-4" өкпені жасанды тыныс алдыратын аппаратқа сұраныс түсті. Зауыттың айына осындай 20-30 дана аппарат шығаруға мүмкіндігі бар. Тек, кейбір қажетті материалдарды сырттан алдыртамыз. Сол біраз қиындық туғызып отыр", - деді зауыттың сату және өткізу бөлімінің басшысы Айбек Қабиев.

Сонымен қатар кәсіпорын тәулігіне 6-7 мың дана медициналық маска тігуде. Бүгінгі күні барлығы 35 мың дана маска шығарылған.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер