Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан 4 мыңнан астам жасанды тыныс алу аппаратын сатып алады

gazeta.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2020 21:32 gazeta.ru
3 105 жасанды тыныс алу аппараты Қазақстанда жасалып, ауруханаларға таратылады.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ауруханаларға жасанды тыныс алу аппараты сатып алынатынын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

- Республикамызда барлығы 1 958 жасанды тыныс алу аппараты бар, біз енді қосымша 4183 құрылғыны сатып алмақшымыз, оның 3 105-і отандық өндірушіден болады. Алдағы екі айда бұл жабдықтар Қазақстанда өндіріліп, медициналық ұйымдарға жеткізіледі. Сонымен қатар, қазірдің өзінде аппараттар сатып алынып жатыр, алдағы уақытта біз медициналық ұйымдарды осындай құрылғымен толық қамтамасыз етеміз, - деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен брифингте.

Сонымен қатар, аймақтық деңгейде қызмет көрсете алатын 100 жылжымалы медициналық кешенді алдырту жоспарлануда.

- 21 855 төсек оттегімен қамтамасыз етіледі, оның 17 762 төсек-орын мемлекет тарапымен де, жекелеген азаматтар мен меценаттардың қаржылық қолдауымен оттегі концентраттарымен қамтамасыз етіледі, - деді Денсаулық сақтау министрі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: