Алматыда коронавирус жұқтырудың 116 жағдайы тіркелді

zakon.kz zakon.kz
Індетті жұқтырушылармен байланыста болған жаңа алты жағдай анықталды.

​Қазіргі уақытта қаланың жұқпалы аурулар стационарларында COVID-19 диагнозы бар 96 пациент бар, оның ішінде бір әйел адам Алматы облысының тұрғыны, деп хабарлайды zakon.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

​79 науқастың жай-күйі – қанағаттанарлық. 2 ересек адамның жай-күйі – өте ауыр, 2 адамда – ауыр, 13 ересек адамның жай-күйі – орташа.

​Бүгін коронавирустық инфекциядан жазылған тағы екі науқас ауруханадан шығарылды. Бұл 1997 және 1998 жылғы қыздар. Олардың бірі 15 наурызда Ыстамбұл – Алматы рейсімен ұшып келген, екіншісі бұған дейін анықталған науқаспен байланыста болған.

​Бүгінде мегаполисте жалпы 21 науқас сауығып жазылды, оның ішінде 2-і – бала.

Олардың барлығы 14 күндік үй карантинінде жатыр.

​Қазіргі уақытта провизор орталықтарында 521 адам бар, оның ішінде 79-ы – бала.

​Екі күндік карантинде – 390 адам (48 бала), үй карантинінде – 4805 адам.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз