Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда коронавирус жұқтырудың расталған 847 жағдайы тіркелді

inbusiness.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2020 17:49 inbusiness.kz
Кешегі күні тағы 5 жаңадан вирус жұқтыру жағдайы анықталды.

27 сәуірде Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 847 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды zakon.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кешегі күні тағы 5 жаңадан вирус жұқтыру жағдайы анықталды.

Олардың төртеуі карантиндегі вирус жұқтырған науқаспен байланыста болғандар. Оның ішінде 1989 ж. т. екі ер адам және 1971, 1958 ж. т. екі әйел кісі, ал бесіншісі кеше Атырау - Алматы рейсімен ұшып келген 1988 ж. т. әйел. Ұшып келген соң экипаждың барлық мүшелері карантинге орналастырылды.

Жұқпалы аурулар стационарларында коронавирустық инфекциядан емдеуде Алматы облысынан пациентті есепке алғанда, 744 адам бар.

2 науқастың жай-күйі аса ауыр деп бағалануда, 29 адамда – ауыр, 214 адамда – ауырлықтың орташа дәрежесінде және қалғандарында – қанағаттанарлық.

Екі науқас тыныс алу жеткіліксіздігіне байланысты ӨЖЖ аппаратында болады.

Провизорлық госпитальдарда 481 адам жатыр, оның ішінде – 11 бала, карантиндік оқшаулауда 415 адам, оның ішінде 5-і бала. Провизорлық және карантиндік стационарларда бос орындар жеткілікті екендігін айта кеткен жөн.

Статистика бойынша Алматыда 97 жасар әйелдің қатыс болуы ми қан айналымының жіті бұзылуынан туындаған қайтымсыз органикалық дертінің салдарынан туындаған. Бұл ретте, коронавирустық инфекция, басқа да бірқатар ауыр аурулары сияқты қосымша болып табылды.

Осыған байланысты, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы жанындағы КВИ-ға оң талдауы бар пациенттердегі Қайтыс болумен аяқталған жағдайларды зерделеу жөніндегі комиссия (ҚБЖЗК) бұл жағдайды КВИ себебі бойынша қайтыс болу жағдайна жатқызбау туралы шешім қабылдады.

96 адам сауығып емдеуден шығарылды, оның ішінде 6-ы бала.

Кеше И.С.Жекенова атындағы Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының филиалы (бұдан әрі – Жұқпалы аурулар ауруханасы) COVID-19 вирусын жұқтырған пациенттерді қабылдай бастады. Қазір мұнда 43 науқас бар.

Жұқпалы аурулар ауруханасы дәрігерлер үшін BI-Industrial құрылыс компаниясы рекордтық мерзімде (18 күн) салған модульдік кешенде орналасқан.

Модульдік кешенде палаталарда теріс қысым жасайтын желдету жүйесі жұмыс істейді: вирустары бар ауа палатадан тыс жерге енбейді, ол арнайы зарарсыздандыру жүйелеріне түседі.

Палаталарда герметикалық есіктер орнатылған, кәріз жүйесін тазалаудың ерекше жүйесі жұмыс істейді.

Бұл аурухананың 280 төсек-орынға есептелгенін естеріңізге сала кетейік. Құрылымына 9 клиникалық бөлімше, 28 төсек-орындық реанимация бөлімшесі, далаға жеке шығатын 10 бір орындық палаталар, бес орындық динамикалық бақылау палаталары бар қабылдау бөлімшесі кіреді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: