Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған жүкті әйел босанды
Ашық дерекөздерден алынды
Баланың жағдайы бірқалыпты. Нәрестеден Covid-19 анализі алынды.
Қызылорда облысында COVID-19 вирусын жұқтырған жүкті әйел аман-есен босанды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Лззат Ақтаева өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды zakon.kz.
Жүкті әйел 8 сәуірде толғақ қысып провизорлық перзентханаға түскен. Әйелде ЖРВИ симптомдары болған. Кейін талдау нәтижесі қанда коронавирус барын анықтады. Оның дене қызуы 38,1 градусқа дейін көтерілген.
"Толғақ басталып, бала аман-есен өмірге келді. Салмағы - 2970 грамм, бойы 51 см. Баланың жағдайы бірқалыпты. Нәрестеден Covid-19 анализі алынды" - деп жазды вице-министр.
COVID-19 вирусынан толық емделіп шығуы үшін әйел инфекциялық стационарға жатқызылды. Ал толғағы қысқан әйелді қабылдап алған кезекші бригада мүшелері бірден үйдегі карантинге жатқызылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript