Жаңалықтар тізбегі
0

Ақмола облысында қарттар үйіндегілер жаппай коронавирус жұқтырған

Мир24, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2020 23:47 Мир24
9 сәуірде 35 адамнан (34 қаралушы, 1 қызметкер) COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы "Шапағат" арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар туралы айтып берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Ақмола облыстық Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламалар үйлестіру басқармасы "Шапағат" арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы Нұр-Сұлтаннан 5 шақырым қашықтықтағы Целиноград ауданы, Ақгайын ауылында орналасқан.

16 наурызда, карантин жарияланған кезде бұл орталықта 147 қарауға берілген қария (орташа жасы 75 жас) болған. Ондағы 74 қызметкердің 51-і қашықтықтан жұмыс істейді.

2 сәуірде осындағы 1947 жылғы ер адам, ал 6 сәуірде 1929 жылғы кейуана қайтыс болды. Екі жағдайда да КВИ белгілері байқалмаған, науқастар қайтыс болған соң мүрдесіне жасалған зерттеу кезінде дерт анықталды.

Ақмола облысының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті санитарлық-эпидемиологиялық зерттеу жүргізді. Қайтыс болғандармен байланыстағы адамдар анықталды, олардан COVID-19 бойынша талдау алынды. Барлық қызметкерлер мен қамқорға алынған қариялардан талдау алынды. ПЦР зерттеуінің нәтижелері бойынша 9 сәуірде 35 адамнан (34 қаралушы, 1 қызметкер) COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Емдеу бекітілген хаттамаға сәйкес жүргізіледі. Науқаспен байланыста болғандарды анықтау жұмыстары жалғасуда, медициналық бақылау қойылды.

2020 жылғы 9 сәуірдегі жағдай бойынша, облыста COVID-19 инфекциясы 56 адамнан анықталды:

Целиноград ауданы - 51;

Аршалын ауданы - 3;

Көкшетау - 1;

Шортанды ауданы - 1 жағдай.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: